Солтүстік Қазақстан облысында пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды

Земельный участок, земельные участки, земля, землевладение, участок земли, участки земли, территория, территории, земельная доля, стоимость земли, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2026 10:27 Фото: pexels
Прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі жер қатынастары саласындағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

2026 жылдың басынан бері облыс прокуратурасы нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан жалпы ауданы 73 мың гектардан асатын 87 жер учаскесін анықтады.

Ақжар, Жамбыл, Уәлиханов және Ғ. Мүсірепов атындағы аудандарда жер пайдаланушылар Қазақстан РеспубликасыЖер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) талаптарын бұза отырып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы 86 учаскенің тиісті деңгейде пайдаланылуын қамтамасыз етпеген.

Петропавл қаласында Кодекс талаптарын бұзу арқылы кәсіпкерлік субъектісі ұзақ уақыт бойы коммерциялық қызметке арналған ауданы 12,5 га жер учаскесін пайдаланбаған.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша кадастрлық құны 362,9 млн теңге болатын, жалпы ауданы 4 447 гектар 7 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Қалған жер учаскелері бойынша жұмыстар жалғасуда.

Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар қайтарылған жерлерді адал жер пайдаланушыларға беру бойынша жұмыс жүргізуде.

Қадағалау органы жер қатынастары саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: