Алматыда әскери қызметшілер көлік ішінде қалған екі жасар баланы құтқарды

Қарулы күштердің әскери қызметшілері көлік ішінде құлыпталып қалған баланы құтқарып алды 07 сәуір 2026 09:48 Көру саны:30 Алматы өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасының әскери қызметшілері аға лейтенант Ержан Әбдібаев пен ефрейтор Әлібек Оқанов екі жастағы сәбиі көлік ішінде қамалып қалған әйелге көмек көрсетті. Оқиға туралы баланың анасының әлеуметтік желіде жариялаған жазбасынан белгілі болды. Оның айтуынша, көліктің кілтін абайсызда ішінде қалдырып кеткен. Дабыл жүйесі іске қосылып, есіктер автоматты түрде құлыпталып қалған. Ал машина ішінде екі жасар ұлы қалып қойған. Ол жазбасында: – Мен абдырап, не істерімді білмей, қатты қорқып кеттім. Әскери формадағы адамдарды көріп, солардан көмек сұрадым, – дейді. Қызметтен қайтып келе жатқан әскери полиция өкілдері жағдайды бірден бағалап, көлікті ашуға кіріскен. Олар 10-15 минуттың ішінде көліктің есігін ашып, баланы аман-есен сыртқа алып шыққан. Сәбиге медициналық көмек қажет болмапты. Баланың анасы көрсеткен көмегі үшін аға лейтенант Ержан Әбдібаев пен ефрейтор Әлібек Оқановқа алғысын білдіріп, олардың жедел қимылы мен жанашырлығын ерекше атап өтті., сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2026 10:39 Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
Алматы өңірлік гарнизонының әскери полиция қызметкерлері аға лейтенант Ержан Әбдібаев пен ефрейтор Әлібек Оқанов екі жасар сәбиі көліктің ішінде қамалып қалған әйелге жедел көмек көрсетті.

Баланың анасының әлеуметтік желіде жазған хабарламасына қарағанда, ол көліктің кілтін абайсызда ішінде қалдырған. Дабыл жүйесі іске қосылып, есіктер автоматты түрде құлыпталып, бала көліктің ішінде қалған.

"Мен абдырап, не істерімді білмей, қатты қорқып кеттім. Әскери формадағы адамдарды көріп, солардан көмек сұрадым", – деп жазды анасы.

Қызметтен қайтып келе жатқан әскери полиция қызметкерлері жағдайды бірден бағалап, көліктің есігін ашты. 10–15 минут ішінде бала аман-есен сыртқа шығарылды. Сәбиге медициналық көмек қажет болмаған.

Баланың анасы әскери қызметкерлерге алғысын білдіріп, олардың жедел әрекеті мен жанашырлығын ерекше атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: