Семейде әскери қызметші қараусыз қалған бес жасар қызды аман алып қалды

Семейде әскери қызметші жол ортасында қараусыз қалған бес жасар қызды аман алып қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2025 16:41 Сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
Абай гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің әскери қызметшісі майор Саят Оразбаев жол ортасында қараусыз қалған бес жасар қызды құтқарып, табандылық пен батылдық танытты.

Әуезов алаңына қарама-қарсы жерасты өткелінен шыққан Саят Оразбаев жолдың ортасында тұрған кішкентай қызды байқап қалады. Ол еш ойланбастан, балаға қарай жүгіріп барып, асқан жылдамдықпен оны қауіпті аймақтан алып шығарды. Осылайша әскери қызметші қайғылы жағдайдың алдын алды.

"Баланың жолдың ортасына қалай шығып кеткенін байқамадым Қолында қуыршағы бар екен. Жағдайды бірден бағамдап, бала үшін бәрін мүмкіндігінше тез әрі қауіпсіз жасауға тырыстым", – деді майор Саят Оразбаев.

Қыз бала жақын жердегі полиция бөлімшесіне жеткізіліп, ондағылар бүлдіршіннің ата-анасын іздеуге кірісті.

Әскери бөлім басшылығы майор С. Оразбаевқа бала мен жүргізушілер үшін қауіп туғызған жағдайды қауіпсіз шешкені үшін алғыс білдірді.

Майор Саят Оразбаев әскери бөлімде өткен жылдың ақпан айынан бері қызмет етіп келеді. Ол отбасында екі бала тәрбиелеп отырған әке.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: