Сәуірден бастап тарифтерге мораторий тоқтады – электр энергиясы қымбаттауы мүмкін

Лампочка, лампочки, свет, отключение света, электричество, электроэнергия, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2026 12:29 Фото: unsplash
2026 жылғы 7 сәуірде Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Үкіметтегі брифингте биыл электр энергиясының бағасы қымбаттауы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сәуір айынан бастап Қазақстанда тарифтерге мораторий тоқтатылды.

"Мүмкін, екінші тоқсанның соңына қарай кейбір өзгерістер болады. Біз электр энергиясын өндіру тарифін реттейміз. Бағаларға өтініштер өткен жылы да, қазір де түсіп жатыр", – деді вице-министр.

Оның айтуынша, тарифті көтеруге сұраныс негізінен жалақыны арттыру және кейбір басқа шығындардың өсуіне байланысты.

"Басқа шығындар да артты. Мысалы, газ бағасы көтерілді – станция тарифіне газ шығындарының бір бөлігі әлі есепке алынбаған, кей бағыттарда шығынның жоғарылығы байқалады. Сол сияқты, ТЭЦ үшін су бағасы екі есеге өсті. Біз осы шығындарды өз құзыретіміз шегінде тексеріп жатырмыз. Көмір бағасы көтерілді деген ақпарат болса да, "Богатырь Комир" компаниясында көмір бағасы өзгермегенін білетіндіктен, бұл мәліметті есепке алмаймыз", – деп нақтылады спикер.

1 сәуірден бастап тарифтерге мораторий тоқтатылды – бұл соңғы айларда бағаның өсуін тежеп келген шара.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: