Қазақстанда жанармай бағасы қымбаттауы мүмкін бе

АЗС, бензоколонка, бензоколонки, заправка, заправки, бензин, автозаправка, автозаправки, цены на бензин, стоимость бензина, автозаправочная станция, автозаправочные станции, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2026 13:01 Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 7 сәуірде Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Үкіметтегі баспасөз мәслихатында Қазақстандағы жанармай бағасының болашағы туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер бензин (АИ-92) мен дизель отынына мораторий аяқталғаннан кейін бағалардың қалай өзгеретінін сұрады.

"Мен сенімдімін, жанармай бағасында кенеттен өсу болмайды. Мүмкін нарықтық деңгейде аздап өсу болуы мүмкін, бірақ көршілес елдерде бұл отын түрлері әлдеқайда қымбат екенін көріп отырсыздар. Сондықтан баға біртіндеп ғана көтеріледі, кенеттен секіру болмайды", – деді Сунғат Есімханов.

2026 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстанда АИ-92 бензині мен дизель отынына мораторий тоқтатылды. Ол 2025 жылғы 16 қазаннан бері қолданылып келген.

Сондай-ақ сәуірден бастап тарифтерге мораторий де тоқтатылды – бұл соңғы айларда бағаның өсуін тікелей тежеп келген шара.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: