Қазақстанда көмір бағасы біртіндеп қымбаттайды

2026 жылғы 7 сәуірде Энергетика вице-министрі Сунғат Есімханов Үкіметтегі брифингте мемлекеттік жоспарларға байланысты көмір бағасының өсуі мүмкін екенін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2026 13:18 Сурет: pixabay
2026 жылғы 7 сәуірде Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Үкіметтегі брифингте мемлекеттік жоспарларға байланысты көмір бағасының өсуі мүмкін екенін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Вице-министрдің айтуынша, көмір бағасы өседі, бірақ бұл біртіндеп жүзеге асады.

"Биыл қыс мезгілінде баға өсуі күтілмейді. Себебі көмір тұтыну биыл бірден артып кетпейді, ол біртіндеп өседі", – деді Есімханов.

Дегенмен, болашақта баға өсімін толық жоққа шығаруға болмайтынына назар аударды.

"Бүгін көмір өндіретін компаниялардан өндірісті жаңғырту және көлемді арттыру туралы үлкен ақпарат түсті. Бұл шығындар мен инвестицияларға алып келеді, соның нәтижесінде көмір бағасы инфляциялық тұрғыдан өсуі мүмкін. Бірақ ол реттелетін және біртіндеп болады деп ойлаймын", – деп қосты вице-министр.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан 2026 жылы шамамен 130 млн тонна көмір өндіруді жоспарлап отырғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: