Ақтөбе облысында полиция мал ұрлығының жолын кесті

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2026 14:37 Фото: Zakon.kz
Ырғыз ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері локальды түнгі рейдтік жұмыстар барысында далалықта тіркемесі бар жол талғамайтын көлікті байқаған.

Автокөліктің жарық шамдарын жақпай қозғалып бара жатқаны полицейлерде күдік тудырып, олар автокөлікті дереу тоқтатпақ болған.

Алайда, жол талғамайтын көлік жүргізушісі полицияның заңды талаптарына бағынбай, қашуға тырысқан. Күдіктілердің Ізіне түсу барысында олар ұсталды. Екі ер адам да Ырғыз ауданының ауыл тұрғындары болып шықты. Тексеру барысында автокөліктің тіркемесіне 1 бас бие мен 1 бас құлынның тиелгені анықталды.

Анықтау барысында полиция құлынды биенің Ырғыз ауданы Құмтоғай ауылының тұрғынына тиесілі екенін тапты. Күдіктілер оларды еркін жайылымнан жасырын ұрлағанын мойындады. Олар жануарларды сойып, сатпақ болған.

Күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту жұмыстары барысында киік мүйіздері, жылқының басы мен терілері, 2 дана тегіс ұңғылы мылтық, бірнеше патрондар табылып, тәркіленді. Ұсталған ер адамдардың екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Үй жануарлары иесіне қайтарылды. Мал ұрлығы дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы да анықталуда. Полиция мал иелерін үй жануарларын қараусыз жібермеуге, қауіпсіздік шараларын қабылдауға шақырады. Қараусыз мал – жол-көлік оқиғаларына себепшісі немесе ұрлық нысаны болуы мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: