Атыраудағы қоқыс полигонындағы өрт толықтай сөндірілді

Атыраудағы қоқыс полигонындағы өрт толықтай сөндірілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2026 18:10 Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жедел қызметтер қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өртті сөндіріп және оқшаулап, оның аумақтан тыс жерлерге таралуына жол берген жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тілсіз жауды ауыздықтауға Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен "АрнаулыАвтоБаза" ЖШС-інен барлығы 35 техника және 65 адам жұмылдырылды. Өрттің жалпы аумағы 2500 шаршы метр шамасында.

Қазіргі уақытта аумақта өрттің қайта тұтануының алдын алу мақсатында қосымша мониторинг жұмыстары жүріп жатыр. Тұрғындарға, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарына қауіп жоқ.

Облыста қатты тұрмыстық қалдықтармен жұмыс жүйесін жаңарту бағытында кешенді бағдарлама іске асырылуда. Бүгінде 50 гектар аумақта жаңа полигон салу және қолданыстағы полигонды рекультивациялау бойынша мердігер ұйымдар анықталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: