Ақтөбе облысында полицейлер мал ұрлаған көрші облыс тұрғынын ұстады

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2026 11:44 Фото: Zakon.kz
Сәуір айында Шалқар ауданының тұрғыны полицияға бір бас тайының жоғалғаны туралы арызданған. Ауыл тұрғынының айтуынша, жануар наурыз айында ауыл маңындағы еркін жайылымда қараусыз жүрген жерінен жоғалып кеткен.

Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында жылқы ұрлығына қатысы бар күдікті анықталды. Ол — Қызылорда облысының тұрғыны болып шықты.

Тергеу барысында күдікті көршілес облыстың Шалқар ауданына жақын орналасқан ауылдағы шаруа қожалығының иесі екені белгілі болды. Ол биыл наурыз айының соңында Шоқысу ауылы маңында еркін жайылымда жүрген бір жасар тайды ұрлағанын мойындады.

58 жастағы ер адам ұрланған жануарды далада сойып, етін жақындарына таратып берген. Полиция қызметкерлері күдіктіге тиесілі шаруа қожалығынан тіркелмеген мылтықты, бірнеше патронды, қан дақтары бар қапшық пен пышақты, сондай-ақ қожалықтан төрт шақырым жерден сойылған тайдың терісін тәркіледі.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Айта кетейік, 6-10 сәуір аралығында облыс аумағында "Мал ұрлығына жол жоқ!" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Осыған байланысты Ақтөбе облысының полиция департаменті мал ұрлығы үшін қылмыстық заңнамада мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ескертеді. Сондай-ақ азаматтарды малды қараусыз жібермеуге шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: