Астанада ірі көлемдегі ет өнімдерін заңсыз тасымалдау фактісі тоқтатылды
Фото: pexels
"Мал ұрлығына жол жоқ" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері заң талаптарын өрескел бұза отырып ет өнімдерін заңсыз тасымалдаған DAF жүк автокөлігін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полицейлердің мәліметінше, көлікті тоқтатып тексеру барысында жүк бөлігінен ірі қара малдың 26 тұтас еті мен 5 жылқының еті табылды. Жалпы салмағы 6 тоннадан асады.
"Анықталғандай, өнімдер ешқандай ілеспе құжаттарсыз және қауіпсіздігін растайтын міндетті ветеринарлық таңбаларсыз тасымалданған. Полицейлер жүктің иесін анықтады. Ол – 48 жастағы ер адам. Ветеринарлық талаптарды бұзғаны үшін оған қатысты әкімшілік шаралар қолданылды",- делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта тәркіленген өнімдер сараптамаға жіберіліп, тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Бұған дейін Шымкентте мектеп оқушысының өз-өзіне қол салғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript