Сот әділ нүктесін қояды - ІІМ полиция қызметкерлеріне жасалған шабуылдар туралы пікір білдірді

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2026 21:07 Фото: Zakon.kz
Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов 2026 жылғы 8 сәуірде Мәжіліс кулуарында елімізде полиция қызметкерлеріне жасалған соңғы шабуылдар жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Санжар Әділовтің айтуынша, Қылмыстық кодекс бойынша жауапкершілік қарастырылған.

"380-баптың 6-бөлімі бойынша Қостанайда үш күдікті қамауға алынды. Атырау мен Өскеменде де күдіктілер ұсталды. Назар аудартқым келеді, полиция қызметкерлері қызметте болған. Қостанайда біздің қызметкеріміз қызметтен тыс жерде ескерту жасаған кезде оған шабуыл жасалды, кейін полиция қызметкерлері келгенде шабуыл жасаушылар ұсталды", – деді ол.

Вице-министрдің сөзінше, аталған фактілер бойынша тергеу жұмыстары жалғасуда.

"Сот санкциясымен полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған, күш қолданған барлық тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, қамауға алынды. Менің ойымша, осы істерде соңғы нүктені әділ сот қояды", – деп түйіндеді Санжар Әділов.

Астанада ірі көлемдегі ет өнімдерін заңсыз тасымалдау фактісі тоқтатылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: