Қазақстанға жұмыс сапарымен Ресей Федерациясының Бас прокуроры келді: кездесуде қандай мәселелер талқыланды

Қазақстанға жұмыс сапарымен Ресей Федерациясының Бас прокуроры келді, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2026 22:34 Сурет: ҚР Бас прокуратурасы
2026 жылғы 7 сәуірде Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов пен Ресей Федерациясының Бас прокуроры Александр Гуцанның кездесуі өтті. Бұл туралы ел прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу барысында қазақстандық қадағалау органының басшысы қонақты прокуратура органдары қызметінің негізгі және басым бағыттарымен таныстырып, жаңа Конституцияда айқындалған оның құқық қорғау рөлін атап өтіп, ең жоғары құндылықтар ретінде бұрынғыдай адам, оның құқықтары мен бостандықтары болып қала беретінін жеткізді.

Сурет: ҚР Бас прокуратурасы

Ресейлік прокурорлар делегациясы азаптаулардың алдын алу, заңсыз шығарылған активтерді қайтару, сондай-ақ инвесторлардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыс туралы хабардар етілді.

"Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсетуге, қылмыстық қудалауды жүзеге асыруға және іздеуде жүрген адамдарды ұстап беруге байланысты халықаралық-құқықтық ынтымақтастық мәселелері қаралды". ҚР Бас прокуратурасы

Сурет: ҚР Бас прокуратурасы

Сонымен қатар прокурорлық қадағалау процестерін автоматтандыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ақпараттық-талдамалық құралдар таныстырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша 2009 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан мен Ресей прокуратуралары арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге әскери прокуратуралардың және активтерді қайтару саласындағы өзара іс-қимылын күшейтуге бағытталған қосымша хаттамаларға қол қойылды.

Сурет: ҚР Бас прокуратурасы

Соңында тараптар сенімді және кәсіби ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтіп, қылмыстылыққа қарсы күрес, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы алдағы бірлескен қадамдарды келісті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: