Қарағандыда алаяқтық схемалар әшкереленді

Мошенничество, мошенники, мошеннические схемы, финансовая афера, хакеры, взлом данных, кибератака, хакерская атака, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2026 20:40 Фото: Zakon.kz
Қарағанды облысында республикалық "Анти-фрауд" жедел-профилактикалық операциясы қарқынды жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция киберқылмыскерлердің жолын кесіп, миллиондаған теңге қаржылық шығынның алдын алды.

Қарағанды облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Қуаныш Орынбетовтың айтуынша, операцияға бірнеше қызметтің күші жұмылдырылған. Киберқылмысқа қарсы бөлімшелер мен учаскелік инспекторлар біріккен күшпен жұмыс істеп, қылмысты анықтаудан бастап, алдын алу шараларын жүргізуге дейін кешенді жүйе құрған.

Жедел шаралардың нәтижесі де бар. Мәселен, 48 жастағы қарағандылық әйел 70 жастағы туысына 2,5 млн теңгеден астам несие рәсімдеп, оның сенімін пайдаланған. Ал Астана мен Батыс Қазақстан облысының тұрғындары интернет арқылы автожабдық пен көлік жеткізуге қатысты жалған хабарлар таратып, азаматтарды алдаған.

Полиция осындай "көлеңкелі инфрақұрылымды" жойып, дроп-схемаларды да бақылауға алған. 12 дроппер пен бір дроповодқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, үш тұлға жауапқа тартылды.

18 жастағы жасөспірім өзінің банк картасын үшінші тұлғаларға беріп, 1,5 млн теңгеден астам қаражаттың заңсыз айналымына жол ашқан.

Жалпы, операция аясында 28 қылмыс ашылып, "Антифрод-орталық" жүйесі арқылы 10 млн теңгеден астам қаржы бұғатталған, 251 дроп анықталған, "Киберқадағалау" жүйесі арқылы 3336 құқыққа қарсы сілтеме мен интернет-ресурс тоқтатылған. Сонымен қатар профилактикалық жұмыс ауқымды жүргізіліп, 15 мыңнан астам пәтер араланып, 177 кездесу өткізілген, 41 мыңнан астам ақпараттық материал таратылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: