Балқаш көлінде браконьерлік әрекетке тосқауыл қойылды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2026 11:39 Фото: Zakon.kz
Қарағанды облысында "Уылдырық шашу" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында табиғатты қорғауға бағытталған рейдтік жұмыстар қарқын алуда.

9 сәуір күні облыстық полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері Ақтоғай, Қарқаралы, Осакаров және Бұқар Жырау аудандарының, сондай-ақ Балқаш қаласының полиция бөлімшелерімен және Орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің жедел тобы инспекторларымен бірлесіп ауқымды рейд ұйымдастырды.

Рейд барысында Балқаш көлінің акваториясында, Сарышаған кентінен шығысқа қарай шамамен 25 шақырым қашықтықта орналасқан кәсіпшілік телімдердің бірінде заңсыз балық аулау дерегі әшкереленді. Жедел әрекет нәтижесінде 36 жастағы ер адам моторлы пластик қайықпен, тиісті рұқсат құжаттарынсыз және заңмен тыйым салынған ау құралдарын пайдаланып балық аулап жатқан жерінде қолға түсті.

Оқиға орнынан пластик қайық, Yamaha 85 аспалы қозғалтқыш, жалпы ұзындығы шамамен 2000 метр болатын балық аулау торы, сондай-ақ 79 келі көлемінде әртүрлі балық тәркіленді.

Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген шығын көлемі 671 мың теңгеден асады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: