Президент: Ата Заңда ғылым, білім және мәдениет құндылық ретінде бекітілді
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ата Заңның преамбуласында алғаш рет мәдениет, білім беру, ғылым және инновация құндылықтары нақты бағдар ретінде бекітілгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президенттің сөзінше, Қазақстанда өткен референдум ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашып, мемлекетті барлық салада, соның ішінде ғылымда да орнықты даму траекториясына шығаратын жаңа Конституцияны қабылдауға мүмкіндік берді.
"Ата заңымыздың преамбуласында алғаш рет мәдениет, білім беру, ғылым және инновация құндылықтары нақты бағдар ретінде белгіленді. Бұл салаларды жан-жақты қолдауға стратегиялық маңыз берілді", – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бағыттарды дамыту мемлекеттің конституциялық міндетіне айналғанын атап өтті.
Президент сондай-ақ Конституцияны әзірлеу мен қабылдау процесіне атсалысқан ғылыми-академиялық қауымдастыққа алғысын білдірді.
Сонымен бірге Мемлекет басшысы жаңа Ата заңның 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енетінін, осы уақытқа дейін барлық заңнамалық актілер Конституция нормаларына сәйкестендірілетінін айтты.
"Парламент ауқымды заң шығару жұмысына кірісті. Депутаттар заң жобаларын мұқият әрі жедел қарастырады деп сенемін", – деді Президент.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript