Шығыс Қазақстан облысында Ұлы Отан соғысының ардагерімен қоштасты
Сурет: polisia.kz
Құрмат Рахимұлы Қызылтас ауылында туып-өскен. 1942 жылы педагогикалық колледждегі оқуын қалдырып, 18 жасқа толар-толмаста әскер қатарына шақырылған. Ол ішкі әскер қатарында оқудан өтіп, әскери борышын абыроймен атқарған.
1944 жылдан бастап ол Багратион операциясы аясында қызу шайқастарға қатысқан. Оның жауынгерлік жолы Беларуссия, Литва және Шығыс Пруссия арқылы Кенигсбергке дейін жеткен. Ол ең ауыр шайқастарда, оның ішінде Шяуляй үшін шайқаста және Клайпеда шабуылында табандылық пен қайсарлық танытқан.
Құрмат Рахимұлы барлау операциясында ерекше ерлік көрсетіп, оған қолбасшылық жасаған және жаудың шабуылын тойтарып, жауынгерлік тапсырманы мүлтіксіз орындаған. Осы батылдығы үшін ол "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды.
"Ұлы Жеңістен кейін ол Отанына қызмет етуді жалғастырды, әскери училищені бітірді және көптеген жылдар бойы мемлекеттік шекараларды қорғады. Кейін ол Шығыс Қазақстан облысының ішкі істер органдарында жауапты лауазымдар атқарып, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге елеулі үлес қосты",- деп еске алды полицейлер.
Бұған дейін Ақтөбеде прашюті ашылмай қаза тапқан курсанттың өліміне жауаптылар сотталғанын жазғанбыз.