Алматы облысында 3 келі сынапты 100 млн теңгеге сатпақ болған

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2026 16:31 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Алматы облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қауіпті химиялық зат – сынапты заңсыз сату бойынша мәміленің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша оның құқыққа қайшы мақсаттарда қолданылуының алдын алып, ауыр зардаптарға жол берілмеді.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары облыстық прокуратураның үйлестіруімен және Алматы облысы бойынша ҰҚКД-мен бірлесіп жүргізілді. Арнайы операция барысында 100 млн теңгеге бағаланған затты сату кезінде Түркістан облысының 28 жастағы тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп хабарлады Алматы облысы полиция департаменті бастығы Мейрам Әбікеев.

Оқиға орнынан жалпы салмағы 3 келіден асатын "металдық сынап" заты шыны колбада сақталған күйінде тәркіленді.

"Қазіргі уақытта болған жағдайдың барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", – деп толықтырды полковник Әбікеев.

Айта кету керек, сынап – адам өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіретін аса улы химиялық элемент. Оның булары ауыр улануға, жүйке жүйесінің зақымдануына әкеліп, сондай-ақ ағза мен қоршаған ортада жиналып, ұзақ мерзімді зиян келтіруі мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: