Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі негізсіз шығындар қысқартылады: қор қалай реформаланады
Фото: Zakon.kz
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов 2026 жылғы 14 сәуірде Үкіметтегі брифингте әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы негізсіз шығындарды қысқарту жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Ол МӘМС жүйесіндегі шығындарды азайтуға бағытталған ұсыныстарды таныстырды.
"Негізгі назар цифрландыруға аударылып отыр. Денсаулық сақтау және Қаржы министрлігінің көптеген деректер базаларымен біріктірілген "Qalqan" бірыңғай платформасы іске қосылды. Қаржылық ағымдарға бақылау күшейтілді. Бірнеше платформамен интеграция жүргізу скоринг жасауға мүмкіндік береді және негізсіз төлемдердің алдын алады", – деді Біржанов.
Сонымен қатар, оның айтуынша, қаржылық өкілеттіктерді орталықтандыру жұмыстары басталған.
"Қордың өзі реформалау кезеңінде тұр. Ол көпдеңгейлі жүйе, облыстық бөлімшелерде қызметкерлер саны көп. Сондықтан біз осы қордың жұмысын оңтайландыруымыз қажет", – деп қосты вице-министр.
Бұған дейін кәсіпкерлердің мемлекет алдындағы қарызы қанша екенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript