Кәсіпкерлердің мемлекет алдындағы қарызы қанша – Қаржы министрлігінің дерегі

Деньги, тенге, национальная валюта, национальная валюта РК, национальная валюта Казахстана , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2026 11:08 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қаржы министрі Мәди Тәкиев 2026 жылғы 14 сәуірде Үкімет отырысында бизнес субъектілерінің мемлекет алдындағы берешегі бойынша мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәди Тәкиев елде "Таза беттен бастау" атты жоба жүзеге асырылып жатқанын еске салды.

"Аталған бастама аясында бизнес өкілдері негізгі берешектің 11 млрд теңгесін өтеді. Сонымен қатар 17 мың шағын және микробизнес субъектісіне 7,7 млрд теңге көлеміндегі өсімпұл мен айыппұлдар есептен шығарылды", – деді Мәди Тәкиев.

Министрдің айтуынша, салық реформасы нәтижесінде бұрын тіркеуде болмаған шамамен 348 мың азамат заңдастырылған.

"Бұдан бөлек, жыл басынан бері кәсіби қауымдастықпен бірлесіп салық төлеушілердің қателіктерінің алдын алу, міндеттемелерді жеңілдету және берешекті ерікті түрде реттеу құралдары іске асырылуда. "Халық бухгалтері" акциясы аясында 47 мыңнан астам салық төлеуші қамтылды", – деп толықтырды министр.

Айта кетейік, бұған дейін бизнестің жауапкершіліктен жалтару мүмкіндігі шектелгені туралы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: