Оралда полицейлер тұрғыннан 274 келі балық тәркіледі

Оралда полицейлер тұрғыннан 274 келі балық тәркіледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2026 20:12 Сурет: polisia.kz
Оралда патрульдік полицейлер "Бекіре" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Hyundai Elantra автокөлігін тоқтатты. Көлік салоны мен жүксалғышынан көп мөлшерде балық — мөңке, көксерке және сазан табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жүргізушіде тасымалданып жатқан балыққа қатысты ешқандай рұқсат құжаттары болмаған. Тәркіленген балықтың жалпы салмағы шамамен 274 келі болды.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Полиция су биоресурстарының заңсыз айналымы үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: