Қазақстанда ипотека ережелері өзгереді: 1 шілдеден жаңа тәртіп
Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова 2026 жылғы 15 сәуірде Мәжілістегі брифингте екінші нарықтағы тұрғын үйге арналған ипотекалық несиелеу бойынша жаңа мөлшерлемелер енгізу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өзгерістер 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.
"Ұлттық банкпен бірлесіп, біз қазір кредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейін айқындайтын қаулыға өзгерістерді қарастырып жатырмыз. Ипотекалық қарыздар бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін бастапқы жарна көлемімен байланыстыру жоспарлануда. Яғни, егер бастапқы жарна 30 пайыз және одан жоғары болса, жылдық тиімді мөлшерлеме 20 пайыз деңгейінде белгіленуі мүмкін. Ал бастапқы жарна 30 пайыздан төмен болған жағдайда, мөлшерлеме бұдан жоғары болады", – деді Мадина Әбілқасымова.
Сонымен қатар оның айтуынша, қазіргі таңда нарық қатысушылары бұл шара ипотекалық несиелердің қолжетімділігіне кері әсер етуі мүмкін екенін айтып, мәселені көтеріп отыр.
"Сондықтан қаржы нарығының қатысушылары бұл норманы еліміздегі жағдай жақсарғанға, яғни базалық мөлшерлеме төмендегенге дейін кейінге қалдыруды ұсынып отыр", – деді агенттік басшысы.
Ипотекалық кредиттеу бойынша жаңа ережелер туралы толық ақпарат тиісті материалда жарияланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript