Шымкентте шенеуніктер 1,7 млрд теңге негізсіз жұмсамақ болған

Шымкент, город Шымкент , сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2026 21:08 Фото: unsplash
Шымкент қаласының прокуратурасы 1,7 млрд теңге негізсіз бюджет шығыстарын қысқартуды қамтамасыз етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкент қаласының прокуратурасы жүргізілген талдау нәтижесінде мемлекеттік қаражатты жоспарлау және пайдалану барысында заң бұзушылықтар анықтады.

Атап айтқанда, шағын ауданда инженерлік инфрақұрылым салу жобасы бойынша бюджет қаражаты тиісті негіздемесіз жоспарланған. Жоба жүзеге асырылуы тиіс аумақта тұрғын үйлер мен халықтың болмауы, жер телімдерінің толық бөлінбеуі және нақты қажеттіліктің болмауы анықталды.

Сонымен қатар жобалық-сметалық құжаттама нақты жағдайға сәйкес келмеген, ал жобаны іске асыру қазіргі кезеңде экономикалық тұрғыдан тиімсіз болған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша қаржыландыру параметрлері қайта қаралып, қосымша келісім жасалды, нәтижесінде 1,7 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделді.

Осының нәтижесінде бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол берілмеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: