Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылордада шенеуніктер жөнделген жолды тағы жөндеуге 1,7 млрд жұмсамақ болған

Қызылордада шенеуніктер жөнделген жолды тағы жөндеуге 1,7 млрд жұмсамақ болған, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2023 11:06 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қызылорданың жаңадан жөнделген жолын қайта "жамауға" бюджеттен миллиондаған теңге жұмсалмақ болды. Прокуратура мемлекет ақшасын негізсіз ысырап етудің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызылорда облысы прокуратурасының хабарлауынша, қадағалаушы мекеме өңірдегі мемлекеттік сатып алу ісінен өрескел заң бұзуды анықтады. Жергілікті шенеуніктер жаңадан жөнделген жолдарды күрделі жөндеуге 1,7 миллиард теңге жұмсамақ болған.

Қызылорда прокуратурасы 2020 жылы Қызылжарма ауданындағы Батырбаев көшесіне 49 миллион теңге тұратын жөндеу жасалғанын анықтады. Осы жұмыстардан кейін жолды жаңадан күрделі жөндеу кем дегенде алты жыл бойы талап етілмейді.


"Бірақ жергілікті әкімдік 2023 жылы Батырбаев көшесін жаңартуға тағы да 653,9 млн теңгелік конкурс жариялаған. Прокуратураның араласуынан кейін бұл сатып алу тоқтатылды. Дәл осындай жолмен Қызылордада жалпы сомасы бір миллиард теңгеге Әбенов, Досхожин, Сексенбаев көшелерін жөндеуден өткізбек болды. Бұл тендерлер де прокуратураның талабы бойынша тоқтады".Қызылорда облысы прокуратурасы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: