БҚО-да ауру киіктен сынама алынды

Сайгак, сайгаки, сайга, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2026 16:24 Фото: wikimedia/Pavel Chekanov
Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік желіде бейнежазбасы тараған ауру киіктен сынама алынып, зертханаға жіберілді.

Казталов, Жәнібек, Бөкей ордасы аудандарының шаруалары киіктің кеселі малға жұға ма деп қауіптенеді, деп жазады qazaqstan.tv. Бейнежазбада тұрғындар киіктің тұмсығына жара шығып, ауыз қуысынан сілекейі шұбырып жүргенін айтады.

Жауапты орган мамандары аурудың малға жұғатыны, не жұқпайтыны зерттеу қорытындысынан соң белгілі болады дейді. Әзірге киіктің қандай дертке душар болғаны белгісіз.

Зерттеу нәтижесі он күннен кейін шығуы мүмкін. Ал жыл басынан бері табиғи жағдайда өліп, өртелген киік саны 2199 басқа жеткен. Қазір киік санағы жүріп жатыр.

Былтырғы ресми санақ бойынша аймақта 2 млн 300 мың бөкен бар.

Казталов аудандық ветеринария қызметкерлері сол киікті құлағанға дейін күтіп, сынама алып, қазіргі кезде Ұлттық референттік ветеринариялық орталыққа жолдау процесі жүріп жатыр. Әрмен қарай аса қауіпті ауру бар ма, жоқ па – соны анықтау бағытында. Ұлттық референттік орталық функциясын біздің облысымызға берсе деген ұсынысымыз бар, халық үшін. Қайрат Қадешев, облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: