Қазақстаннан Батумиге жазғы авиарейстер іске қосылады

Авиакомпания FlyArystan, Флай Арыстан, самолет, самолеты, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2026 12:27 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстандық лоукостер FlyArystan 2026 жылғы 6 маусымнан 29 тамызға дейін Ақтау – Батуми – Ақтау бағыты бойынша жаңа халықаралық рейсті іске қосады. Сондай-ақ, Астанадан да Батуми бағыты бойынша рейстер ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды Zakon.kz.

FlyArystan баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, рейстер аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері орындалады. Ұшу кестесі жолаушылар үшін ыңғайлы ұшу және қону уақыттарын ескере отырып жасалған.

Мәселен, FS7729 рейсі Ақтаудан сағат 09:05-те ұшып, Батумиге 09:55-те қонады. Кері бағыттағы FS7730 рейсі Батуми қаласынан 10:55-те ұшып, Ақтауға 13:40-та жетеді.

"Уақыт жергілікті",- деп ескертті әуекомпания.

Сондай-ақ, Астанадан да Батумиге рейстер ұйымдастырылады. Бұл бағыттағы рейстер 2 маусымнан бастап аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері орындалады. 25 маусымнан бастап жиілік аптасына үш рейске дейін ұлғайтылып, бейсенбі күнгі қосымша рейс енгізіледі.

Стандартты тарифке кіреді:

  • ұшақ салонындағы кездейсоқ орын
  • салмағы 7 кг-ға дейінгі (өлшемі 56×23×36 см-ден аспайтын) бір қол жүгi.

Бұған дейін жазғанымыздай, 2026 жылғы 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағы жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты күн сайын сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жабық болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: