Алматыдағы марафон шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңартты

Алматыдағы марафон шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңартты, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2026 16:56 Сурет: Алматы әкімдігі
19 сәуірде Алматыда тоғызыншы Almaty Half Marathon өтіп, оған әлемнің 44 елінен 10 000-нан астам адам қатысты. Биыл Алматыға 44 елден 900-ге жуық желаяқ келіп, тоғыз жыл ішіндегі шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд орнады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, 2026 жылы 19 сәуірде өткен Almaty Half Marathon-ға 44 елден 10 000-нан астам адам жиналды. Жарыс тоғызыншы рет ұйымдастырылып отыр. Қатысушылардың дені қазақстандық болғанымен, жыл сайын қатысушылар географиясы кеңейіп келеді. Биыл жарысқа 821 шетелдік спортшы (жалпы санының шамамен 8%-ы) арнайы қатысу үшін Алматыға келді.

Ең көп қатысқан елдердің үштігі: Ресей (346), Қырғызстан (146) және Өзбекстан (81). Сонымен қатар Қытай (37), АҚШ (32), Ұлыбритания (28), Украина (21) және Беларусь (18) елдерінен де қатысушылар болды. Бұл дода Азия, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Африка мен Таяу Шығыс елдерінен келген желаяқтарды біріктіріп, Алматының халықаралық жүгіру картасындағы маңызды орталық екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

"Спорттық туризм – қаланы халықаралық деңгейде танытудың ең тиімді құралдарының бірі. Сондай-ақ, жүгірушілер көбіне жалғыз келмейді: олармен бірге отбасы мүшелері мен достары да келеді, бұл өз кезегінде туристер санын арттырады. Көптеген шетелдік қонақ үшін бұл жарыс Қазақстанмен алғашқы таныстыққа айналып, қайта оралуға себеп болады. Біздің зерттеуімізге сәйкес, басқа қалалардан және шетелден келген қатысушылардың 79,3%-ы Алматыға қайта келуді жоспарлап отыр. Бұл жаңа сапарлар мен қаланың инвестициялық тартымдылығының артуын білдіреді", – деді "Бірінші болу – батылдық" корпоративтік қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ғалымжан Есенов.

Сондай-ақ, сөре алдында қатысушылар қажетсіз, бірақ жарамды қалың киімдерін қалдыра алды – "Жылу" жобасының командасы оларды жинап, сұрыптап, мұқтаж жандарға жеткізді.

Бұған дейін қазақстандық дзюдошылар Азия чемпионатында күміс медальға ие болғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: