Қазақстанда сот-медициналық сараптаманы жетілдіру жоспарлануда

Лаборатория, медицинская лаборатория, анализы, лабораторные пробирки, лаборатории, наука, исследование, исследования, лабораторные исследования, лабораторное исследование, научные исследования, научное исследование, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2026 12:43 Фото: freepik
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі сот-медициналық сараптама жүргізу тәртібін жетілдіруге бағытталған бірқатар бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, келесі құжаттарға өзгерістер енгізу көзделіп отыр:

  • сот сараптама органдары жүргізетін сот сараптамаларының түрлері мен Әділет министрлігі бекітетін сарапшы мамандықтарының тізбесі;
  • сот сараптамасы органдары сарапшыларының жүктемесін нормалау тәртібі;
  • сот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындау, олардың орындалу мерзімін есептеу, сондай-ақ мерзімді тоқтату және ұзарту негіздері мен тәртібі;
  • сот сараптамасын жүргізуге арналған арнайы жабдықталған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптар;
  • сот сараптамалары мен зерттеулерін ұйымдастыру және жүргізу қағидалары.

Ведомствоның түсіндіруінше, бұл өзгерістер сот-сараптама қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында енгізілуде.

Құжат "Ашық НҚА" порталында 5 мамырға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: