Жасанды интеллект кейбір қызметкерлерді алмастырады: Қазақстанда жұмыссыздық қаупі талқыланды
Фото: zakon.kz
Мусиннің айтуынша, цифрлық компания ретінде "Қазақтелеком" жаңа технологияларды қолданбай отыра алмайды.
"Біз өзіміз жасанды интеллектті сатамыз, сондықтан оны өзімізде қолданбау мүмкін емес. Осыған байланысты бізде ЖИ-ді енгізудің үш жылдық стратегиясы бар. Нақты пайызын қазір айта алмаймын, бірақ ол кейбір жұмыстарда адамды алмастыра алады. Мысалы, колл-орталық операторларының жұмысында", – деді ол.
Оның айтуынша, қазіргі таңда 230 оператор жұмыс істейтін колл-орталықта жасанды интеллект пен роботтар қызметкерлердің елеулі бөлігін алмастыруы мүмкін. Бұл процесс биылдың өзінде басталады.
Сонымен қатар жасанды интеллект агенттері заңгерлер, кадр мамандары және бухгалтерлер сияқты бағыттарда да енгізіліп жатыр.
Бағдат Мусиннің пікірінше, технологияларды енгізу әлеуметтік мәселелер туғызуы мүмкін, алайда компанияның бәсекеге қабілеттілігін сақтау үшін жасанды интеллектті қолдану – қажетті қадам.
"Самұрық-Қазына" АҚ қоғамдық кеңесінің төрағасы қызметкерлер жұмысының тиімсіздігіне байланысты қысқартулар әлеуметтік шиеленіске әкелуі мүмкін екенін айтып, мұндай шаралардың сезімтал мәселе екенін атап өтті.
Оның айтуынша, жасанды интеллектті (ЖИ) енгізу нәтижесінде құрылымдық жұмыссыздық пайда болуы заңды құбылыс.
"Егер жасанды интеллектті қолдану құрылымдық жұмыссыздыққа әкеледі деп айтсақ, ол міндетті түрде бұрын кең көлемде қол еңбегі қолданылған салаларда пайда болады. Бұл процестердің автоматтандырылуы құрылымдық жұмыссыздыққа әкелетіні сөзсіз. Алайда компанияның дамуы басқа мамандарға сұранысты қалыптастырады. ЖИ негізінен төмен білікті, қайталанатын жұмыстардың қысқаруына әсер етеді, ал бұл ретте жаңа деңгейдегі мамандар қажет болады. Сондықтан мұнда аса үлкен проблема жоқ", – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин телефон арқылы жасалатын алаяқтықпен күресу жолдары туралы да пікір білдірген болатын.