Абай өңірінің тұрғыны бұрынғы сүйіктісін аңдығаны үшін жауапқа тартылды
Фото: Zakon.kz
Ер адам қарым-қатынас үзілгеннен кейін әйелді қайта-қайта мазалап, оның үйі мен жұмыс орнына барған, әртүрлі нөмірлерден хабарласып, хабарламалар жіберіп, байланыс орнатуға тырысқан.
Оның бұл әрекеті жүйелі сипат алып, әйелге моральдық қысым көрсетіп, психологиялық зиян келтірген. Сот оны кінәлі деп танып, 100 сағат қоғамдық жұмыс жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енгеннен кейін ол пробация қызметіне тіркеліп, жазасын өтеу үшін жұмысқа орналастырылды.
Сотталған адам өз әрекетін дұрыс емес деп мойындап, өкінетінін айтты. Ол алдағы уақытта мұндай жағдайға жол бермейтінін және басқа адамның жеке шекарасын құрметтеу қажет екенін түсінгенін жеткізді.
Пробация қызметі оның мінез-құлқын бақылап, профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыр.