Абай облысында 211 млн теңге мақсатсыз жұмсалған: агробизнеске бөлінген несиелерге қатысты тергеу аяқталды

Корова, коровы, крупный рогатый скот, скотоводство, фермерское хозяйство, животноводство, пастбище, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2026 09:43 Фото: primeminister.kz
Абай облысында "Агробизнес" жобасы аясында бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігі Абай облысы бойынша департаменті бұл істі тергеуді аяқтағанын мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, аталған жоба фермерлік шаруашылықтарды қолдауға бағытталған. Оның аясында мал шаруашылығын және агробизнесті дамыту үшін жеңілдетілген несиелер беру қарастырылған.

"Тергеу деректеріне сай, "Ыкыбай" шаруа қожалығының басшысы жалған құжаттарды пайдаланып, ірі қара мал сатып алу үшін жалпы сомасы 250 млн теңгеден асатын екі несие алған. Алайда алынған қаражат мал шаруашылығын дамытуға емес, жеке мақсаттарға жұмсалған. Құжаттарда кепіл ретінде көрсетілген мүлік пен мал іс жүзінде сатып алынбаған." ҚМА баспасөз қызметі

Мемлекетке келтірілген залал 211 млн теңгені құрады.

Тергеу барысында күдікті келтірілген залалды толық көлемде өтеді. Оған қатысты елден шықпау және тиісті мінез-құлық сақтау туралы бұлтартпау шарасы таңдалды. ҚМА баспасөз қызметі

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Өзге мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Айта кетсек, мұндай қылмыстар агробизнеске көрсетілетін мемлекеттікқолдауға деген сенімді әлсіретіп, адал кәсіпкерлердің ауыл шаруашылығын дамыту мүмкіндігін шектейді. Бұл өз кезегінде саланың тұрақтылығы мен жалпы экономикаға кері әсерін тигізеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: