Алматыда алимент пен айыппұл төлемегендерге қарсы шара күшейтілді

Развод, брак, расторжение брака, бракоразводный процесс, алименты, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2026 16:44 Фото: freepik
Алматы қаласында алимент, айыппұл және салық төлемдерінен жалтарып жүрген азаматтарды анықтауға бағытталған "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.

Аталған шара уәкілетті мемлекеттік органдармен тығыз өзара іс-қимыл арқылы жүзеге асырылуда. Іс-шараның алғашқы екі күніндегі қорытынды бойынша борышкерлерге тиесілі 10-нан астам автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды.

Сонымен қатар жалпы сомасы 10 млн теңгеден асатын берешегі бар, айыппұлдарын төлемеген тұлғалар анықталып, жауапкершілікке тартылды. Алматы қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Әбдінұр Тасыбаевтың айтуынша, "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасы жауапкершіліктің бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз етуге бағытталған.

"Әрбір азамат өзіне жүктелген қаржылық міндеттемелерді — айыппұл, салық немесе алимент болсын — уақтылы орындауға тиіс. Міндеттемелерді орындаудан жалтарған жағдайда мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылады. Олардың қатарында көлік құралдарын арнайы айыппұл тұрағына қою да бар, – деді ол.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: