Қазақстанда 26 сәуірдегі ауа райына байланысты ескерту жасалды
Фото: pixabay
Синоптиктердің болжамынша, жексенбі күні еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауылды жел соғады, ал солтүстік өңірлерде нөсер жаңбыр күтіледі.
Тек батыс және оңтүстік-шығыс аймақтарда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Республика бойынша желдің күшеюі, тұман түсуі болжанады, ал оңтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін.
Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында, Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде 1–3 градус үсік күтіледі.
Жетісу облысының шығысында, Абай облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары болады.
Ал Жетісу облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Бұған дейін Алматыда мамыр айының басына дейін қандай ауа райы күтілетіндігін жазғанбыз.