Шетелдік студенттер Қазақстанға қанша пайда әкелді

Шетелдік студенттер Қазақстанға қанша пайда әкелді, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2026 18:21 Сурет: Zakon.kz/Оксана Даирова
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2026 жылғы 27 сәуірде Мәжіліс кулуарында Қазақстанға шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары не үшін қажет екенін түсіндіріп берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Саясат Нұрбектің айтуынша, шетелдік университет филиалдарындағы гранттарға тек қазақстандықтар ғана түсе алады. Ал қабылдау ережелерін бұл оқу орындары өздері белгілейді.

"Қазақстандағы Cardiff University филиалында оқу құны – 13,5 мың доллар. Егер негізгі кампуспен салыстырсаңыздар, шамамен 50%-ға арзан. Бұл университеттер ең алдымен шетелдік студенттерді тартуға бағытталған. Қазір біз ауқымды ақпараттық науқан жүргізіп жатырмыз, Қытай, Әзербайжан елдерінде ірі көрмелерге қатыстық, қазір Индонезияда жұмыс істеп жатырмыз, алда Моңғолия мен Вьетнам бар. Биыл шетелдік студенттердің едәуір көп ағымы болады деп күтеміз. Сонымен қатар Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты ауысу мен оқуға түсуге сұраныс та артып отыр", – деді министр.

Жалпы, оның мәліметінше, осы оқу жылында шетелдік студенттер арқылы шамамен 22 млрд теңге тартылған. Қазіргі таңда Қазақстанда 30 мыңға жуық шетелдік студент білім алуда.

"Экономикалық әсері байқалды. Бұл – негізгі мақсаттардың бірі болатын: осы филиалдар арқылы өңірден студенттерді, ең алдымен ақылы негізде, тарту. Ал гранттар тек қазақстандықтарға арналған", – деп түйіндеді Ғылым және жоғары білім министрі.

Бұған дейін Саясат Нұрбек жастарға тұрақты мамандық таңдауға кеңес бергенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: