Қандай мамандықтарға грантқа түсу мүмкіндігі жоғары - министр айтып берді

 Студент, студенты, университет, университеты, вуз, вузы, абитуриент, абитуриенты, выпускник, выпускники, поступление, образование, высшее учебное заведение, высшие учебные заведения, институт, институты, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2026 20:59 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2026 жылғы 27 сәуірде Мәжіліс кулуарында еңбек нарығында қандай мамандар тапшы екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, кейбір мамандықтарға талапкерлер аз қызығушылық танытады, тіпті грант саны жеткілікті болғанына қарамастан.

"Мысалы, үш жыл бұрын бүкіл ел бойынша жылу энергетикасына небәрі 8 өтініш түскен болса, 2025 жылы 320-дан астам өтініш түсті. Энергетика саласына қатысты көптеген бағыт бар: жылу энергетикасы, электр энергетикасы, генерация. Екінші – ветеринария, мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы. Бұл бағыттар бойынша гранттар жеткілікті бөлінеді, бірақ талапкерлер көп келе бермейді", – деді ол.

Оның айтуынша, су шаруашылығы, өнеркәсіптік құрылыс, көлік және логистика салаларында да кадр тапшылығы бар.

"Сондай-ақ қазір "ақылды" бағыттар пайда болып жатыр: экономика, атом энергетикасы. Ядролық энергетикаға қатысты барлық бағыттар – ядролық физиктерден бастап атом нысандарын басқару мамандарына дейін – алдағы уақытта бізге өте қажет болады. Ұшатын аппараттар, дрондар, ұшқышсыз жүйелер – технология қалай дамып жатқанын көріп отырсыздар. Бұл салаларда да жүйелі кадр тапшылығы бар", – деді министр.

Алайда министрлік стипендияны арттыру арқылы талапкерлерді тартуды жоспарлап отырған жоқ. Бұған дейін мұндай тәжірибе мұғалімдер тапшылығын шешу үшін қолданылған.

"Бюджетте стипендияны көтеру қарастырылмаған. Бірақ стипендия – ең басты фактор емес. Ең маңыздысы – мамандық бойынша болашақ жалақы, әлеуметтік пакет және қоғамдағы беделі. Ветеринария бойынша өзгерістер дайындалып жатыр. Энергетика саласында компаниялар жалақы нормативтерін арттыра бастады. Біз мемлекеттік тапсырысты қайта бөлеміз. Қазір гранттардың көбі Алматы университеттеріне беріледі, бірақ энергетика негізінен Павлодар, Қарағанды, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында шоғырланған. Алматыда оқығандардың көбі кейін өңірлерге қайтпай қояды. Сондықтан гранттарды Қарағанды мен Павлодар университеттеріне көбірек бағыттаймыз, сол арқылы түлектердің бір бөлігі өңірлерде қалуы керек", – деп түсіндірді министр.

Бұған дейін Алматыда бюджеттен қаржы жымқырған жеке сот орындаушысы сотталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: