29 сәуірде Қазақстанның қай өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

29 сәуірде Қазақстанның қай өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2026 20:56 Сурет: freepik
Қазақстанның бірқатар өңірлерінде 2026 жылғы 29 сәуірге дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидромет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырау облысының оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары.

Ақтөбе облысының орталығында түнде және таңертең тұман. Солтүстігінде -2 градус аяз. Оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Түркістан облысының таулы аудандарында күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, екпінді жел. Жел солтүстік-шығыс бағытта, екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында күндіз жаңбыр, найзағай. Шығысында түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-батыс бағытта, екпіні 15-20 м/с. Солтүстігінде -3 градус аяз. Орал қаласында күндіз жаңбыр, найзағай, түнде тұман, жел екпіні 20 м/с-қа дейін.

Абай облысында жел солтүстік-шығыс бағытта, екпіні 15-20 м/с. Батысында түнде -2 градус аяз. Орталығында өрт қаупі жоғары.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жел солтүстік бағытта, екпіні 15-20 м/с. Шығысында түнде -3 градус үсік жүреді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде күндіз жаңбыр, найзағай. Оңтүстігінде түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-батыс бағытта, екпіні 15-20 м/с. Батысында өрт қаупі жоғары.

Жетісу облысының шығысында жел солтүстік-шығыс бағытта, екпіні 15-25 м/с. Оңтүстігінде өрт қаупі өте жоғары.

Павлодар облысының шығысында түнде -1 градус аяз. Солтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Қостанай облысының солтүстігінде түнде және таңертең жаңбыр, найзағай. Қостанай қаласында түнде және таңертең жаңбыр, найзағай.

Қарағанды облысының оңтүстігінде жел солтүстік-шығыс бағытта, екпіні 15 м/с. Шығысында түнде -1 градус аяз.

Маңғыстау облысында күндіз жаңбыр, найзағай, шығысында бұршақ. Солтүстік-шығысында түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыс бағытта, екпіні 15-18 м/с. Ақтау қаласында күндіз жаңбыр, найзағай.

Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз жаңбыр, найзағай, түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыс бағытта, екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының шығысында өрт қаупі жоғары.

Ақмола облысының солтүстігінде таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай. Шығысында түнде -1 градус аяз.

Астанада түнде жер бетінде -1 градус үсік.

Бұған дейін сәрсенбі күні бірқатар өңірлерде үсік жүретіндігін де жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: