Алматыда кафе саябақтың бір бөлігін жазғы террасаға айналдырған
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Заңсыз құрылысқа қала тұрғыны бірден наразылық танытты. Threads әлеуметтік желісінің қолданушысы құрылыс барысындағы кадрларды жариялаған.
"Жароков пен Жамбыл көшелерінің қиылысындағы саябақта шектен асып кеткен жағдай болып жатыр. "Динара" кафесі кеңейіп, жазғы алаңды тікелей саябақ аумағына салып жатыр", – деп жазды алматылық тұрғын 2026 жылғы 28 сәуірде.

Сурет: Threads/@molya.team
Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты түсініктеме беріп, Алмалы аудандық полиция басқармасы қызметкерлері әкімшілік хаттама толтырғанын хабарлады. Сондай-ақ мекеме әкімшілігімен түсіндіру-профилактикалық әңгіме жүргізілген.
Белгілі болғандай, аталған құрылыс нысанын иесі өз күшімен бөлшектеп бұзатын болады.
Сонымен қатар материалдар Алматы қаласының жер ресурстарын басқару департаментіне жолданған.
Бұған дейін жасанды интеллект қазақстандықтарға бизнесті дұрыс ашуға көмектесетіндігін жазғанбыз.