Семейде келіншектің денесінен 6 келіден асатын ісік алынды

Больница, медицинское учреждение, медучреждение, врачи, доктора, операция, операционная, медицинские инструменты, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2026 13:29 Фото: pexels
Семейдегі Ядролық медицина және онкология орталығында 47 жастағы әйелдің денесінен салмағы 6 келіден асатын ісік алынды.

Бірнеше жыл бойы белгі бермеген дерт науқас пневмонияға шалдыққанда бірақ анықталған. Ауруханаға түскенге дейін жанына батпаған көрінеді, деп жазады qazaqstan.tv.

Дәрігерлер бірнеше сағатқа созылған операция өте күрделі болғандығын айтады. Мамандардың мәліметінше, бұл — аналық бездің ісігі.

Ол ағзада еш белгісіз дамуы мүмкін. Қазір науқастың жағдайы тұрақты, өміріне ешқандай қауіп жоқ.

"Науқаста шамамен 7 литр сұйықтық анықталды. Біз осы көлемдегі сұйықтықты шығардық. Одан кейін пациентке операция алдындағы қажетті тексерулер толық тағайындалды. Ал операция барысында диаметрі 31 сантиметр, салмағы шамамен 6 келі 200 грамм болатын ісікті толықтай алып тастадық. Науқасты тексеру кезінде кездейсоқ анықтамағанда, көлемі тіптен ұлғаюы мүмкін еді." Әсем Шалдыбаева, хирург
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: