Қазақстанда АЭС туралы ақпарат құпия бола ма: агенттік мәлімдеме жасады
Фото: pixabay
Қазақстан Республикасының Атом энергиясы агенттігі атом электр станцияларының құрылысына қатысты ақпараттың құпиялануы мүмкін екеніне байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған дейін Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов АЭС жөніндегі кейбір мәліметтер мемлекеттік құпияға жатқызылуы мүмкін екенін айтқан еді.
Осыған байланысты Атом энергиясы агенттігінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 5 мамырда ресми мәлімдеме жасап, ведомство барынша ашықтық қағидатын ұстанатынын жеткізді.
"Атом электр станциясының құрылысына қатысты ынтымақтастықтың негізгі шарттары ашық ақпарат көздерінде жарияланады. Алайда жобаның технологиялық ерекшеліктері мен ауқымын, сондай-ақ АЭС салудағы халықаралық тәжірибені ескере отырып, кейбір мәселелер жария етпеу туралы келісімдер арқылы реттелуі мүмкін. Мұндай жағдайда ақпараттың таралуы шектеледі", – делінген агенттік хабарламасында.
Айта кетейік, 2026 жылғы 21 сәуірде Қазақстанның Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев елге не үшін төрт атом электр станциясы қажет екенін түсіндірген болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript