Ақтауда ер адам қару мен гранатаға ұқсас заттарды кеңсеге алып келіп, дүрбелең туғызды
Фото: Zakon.kz
Оқиға туралы ақпарат Telegram-арналардың бірінде тараған. Желіде қызметкердің сөмкесін тексеру сәті түсірілген видео жарияланған. Кадрларда сөмке ішінен винтовкаға ұқсас зат табылғаны көрінеді.
Жазба сипаттамасында "Интергаз Орталық Азия" АҚ қызметкерінің басшылықпен "есеп айырысуға" келгені айтылған.
Оқиға орнына жедел түрде жедел-тергеу тобы жеткен. Анықталғандай, қызметкер өзімен бірге граната мен атыс қаруына ұқсас заттарды алып келген.
Алайда тексеру барысында олардың пиротехникалық бұйымдар және пейнтболға арналған құрал-жабдықтар екені белгілі болды. Ер адамның қолында айналымға тыйым салынған заттар табылмаған.
"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәркіленген барлық заттар тексерілді – олардың пиротехникалық бұйымдар мен пейнтбол қаруы екені анықталды. Айналымға тыйым салынған заттар анықталған жоқ", – деп хабарлады 2026 жылғы 5 мамырда ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қорытынды процессуалдық шешім тергеу нәтижесіне қарай қабылданады.
Полиция өкілдерінің айтуынша, ер адам мас күйде болған және полицияға жеткізілген. Сот шешімімен ол есірткі заттарын медициналық емес мақсатта қолданғаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды.
Бұған дейін Ақтөбелік тұрғынның анасын аяусыз ұрып, қабырғасын сындырғанын жазғанбыз.