Батыс Қазақстан облысында тәртіп сақшыларына темір тұлпарлар табысталды

БҚО әкімінің баспасөз қызметі ақпарат берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.05.2026 15:12 Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі
7 мамыр – Отан қорғаушы күніне орай облыстық полиция департаментіне су жаңа 81 көлік берілді. Бұл қолдау қызметтік міндетті жедел әрі сапалы атқаруға мүмкіндік береді.

Салтанатты жиынға қатысқан аймақ басшысы Нариман Төреғалиев сала қызметкерлері мен ардагерлерін мерекемен құттықтады. Облыс әкімі Президент тапсырмасы өңірде жүйелі орындалып жатқанын атап өтті.

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

"Кейінгі 3 жылда халықтың өмірін қамтамасыз ететін салалардың материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында облыстық бюджеттен 15 млрд теңгеден астам қаржыға 1 мыңға жуық арнайы техника сатып алынса, соның 331-і тәртіп сақшыларына табысталды. Былтырдың өзінде облыстық бюджет комиссиясының шешімімен 935 млн теңге бөлініп, 66 автокөлік сатып алынды. Көрсетілген қолдау мен нақты істер "Заң мен тәртіп" қағидатын ілгерілетуге, полицияның беделін арттыруға және халықтың сенімін нығайтуға бағытталған", – деді аймақ басшысы.

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Нариман Төреғалиев қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде полиция қызметкерлеріне зор жауапкершілік жүктелетінін айтып, нақты қолдау саланың әлеуетін арттыра түсетініне сенім білдірді.

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Салтанатты жиында бір топ полиция қызметкеріне мерзімінен бұрын шендер беріліп, ҚР Ішкі істер министрі, облыс әкімі және департамент бастығының атынан марапаттар табысталды.

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: