Қостанай облысында полицейлер дрон арқылы жоғалған жылқыларды тапты

Қостанай ауданының полиция бөліміне бес жылқының еркін жайылымнан жоғалғаны туралы арыз түсті., сурет - Zakon.kz жаңалық 08.05.2026 09:58 Сурет: ҚР ІІМ
Қостанай ауданының полиция бөліміне бес жылқының еркін жайылымнан жоғалғаны туралы арыз түсті.

Келтірілген шығын көлемі үш миллион теңгеден асты.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Полиция қызметкерлері дереу іздестіру жұмыстарын ұйымдастырып, жергілікті тұрғындардан жауап алды, табынның жүруі мүмкін бағыттарын тексеріп, аумақты дронның көмегімен зерттеді.

Нәтижесінде жылқылар ауылдық округтердің бірінің маңындағы еркін жайылымнан табылды. Жылқы иесі полицейлерге жедел көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Тексеру барысында жануарлардың жайылым орнынан өздігінен кетіп қалғаны анықталды.

Мал ұрлығы белгілерінің болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Полиция еркін жайылым кезінде малды тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін ескертеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: