Түркістан облысында суды заңсыз пайдалану деректері анықталды
Фото: pixabay
2026 жылғы 12 мамырда өткен Үкімет отырысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов су ұрлау тәуекелдерін азайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Министр ғарыштық мониторинг нәтижелерін жариялады.
"Осы вегетациялық кезеңде ғарыштық мониторинг нәтижесінде Түркістан облысында су алу жөнінде келісімшартсыз пайдаланудың 39 дерегі анықталды. Тексеру қорытындысында аталған заңбұзушылықтар бойынша шаруалар 197 гектар егіс алқабын суару үшін шамамен 790 мың текше метр суды заңсыз пайдаланғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта келтірілген шығынды өндіріп алу жұмыстары жүргізілуде", – деді Нұржан Нұржігітов.
Оның айтуынша, 2026 жылдың өткен кезеңінде жалпы сомасы 41 млн теңгеге 99 әкімшілік айыппұл салынған.
Салыстыру үшін, 2025 жылы бассейндік су инспекциялары жалпы сомасы 75,2 млн теңгеге 365 әкімшілік айыппұл салған.
Айта кетейік, осыған дейін министр Қазақстандағы су ресурстарының қазіргі ахуалы туралы да мәлімет берген болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript