Қазақстанда бір мезетте қар, -3°С суық және +35°С аптап ыстық күтіледі

Қазақстанда бір мезетте қар, -3°С суық және +35°С аптап ыстық күтіледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2026 18:46 Сурет: ЖИ
"Қазгидромет" мамандары Қазақстан аумағы бойынша 2026 жылғы 15 мамыр, жұма күнге арналған синоптикалық жағдай мен қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, антициклон жотасы республиканың басым бөлігіне әсер етеді, сондықтан көптеген өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

"Тек батыста, шығыста және солтүстіктің шеткі аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен найзағай күтіледі. Шығыста түнгі уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы мүмкін. Республика бойынша жел күшейеді, ал оңтүстік пен батыста шаңды дауыл тұруы ықтимал", – делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Болжамға сәйкес, елдің бірқатар өңірлерінде суық түссе, бір аймақта керісінше жазғы аптап болады:

  • -1…-3°С үсік – түнде Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігі мен шығысында, Павлодар облысының батысы мен солтүстігінде, Абай облысының батысында, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, Жетісу облысының таулы аудандарында күтіледі;
  • +35°С дейінгі қатты ыстық – күндіз Атырау облысында болжанып отыр.

Сонымен қатар, республика аумағының бірқатар өңірлерінде өрт қаупі сақталып, кей жерлерде күшейе түседі:

  • жоғары өрт қаупі – Ұлытау облысында, Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде, Түркістан облысында, Алматы облысының батысында, Жамбыл облысында, Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының батысы, шығысы және оңтүстігінде, Абай облысының шығысында, Шығыс Қазақстан облысының орталығында;
  • жоғары өрт қаупі Атырау облысының солтүстік-батысында күтіледі;
  • төтенше өрт қаупі Қызылорда облысының оңтүстігі мен шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының оңтүстік-шығысында сақталады;
  • төтенше өрт қаупі Қарағанды облысының оңтүстігінде күтіледі.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: