Маңғыстау облысында жеңіл көлік өртеніп кетті

Маңғыстау облысында жеңіл көлік өртеніп кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2026 21:28 Сурет: pixabay
Маңғыстау облысында автокөліктің өртенгеніне ондаған адам куә болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz басылымының жазуынша, өрт 2026 жылғы 13 мамыр күні болған. Оқиға туралы хабарлама сағат 21:01-де түскен. Өрт Қарақия ауданына қарасты Құрық ауылының 1-шағынауданындағы №67 үй маңында шыққан.

Оқиға орнына №7 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жедел жеткен. Анықталғандай, Mercedes маркалы автокөліктің мотор бөлігі өртенген.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрт толықтай 21:15-те сөндірілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: