Алматылық әйел фельдшерді тиісті деп айыптап отыр: оқиғаға жедел жәрдем қызметі пікір білдірді

Скорая помощь, медицинская служба, машина скорой помощи, машины скорой помощи, автомобиль скорой помощи, карета скорой помощи, бригада скорой помощи, скорая медицинская помощь, скорая медпомощь, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2026 15:38 Фото: pexels
Әлеуметтік желіде Алматы тұрғыны шақырту бойынша келген жедел жәрдем фельдшерінің орынсыз әрекетіне шағымданып, жазба қалдырды. Желіде шу тудырған ақпаратқа жедел медициналық жәрдем қызметі жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әйелдің айтуынша, 1992 жылы туған фельдшер көмек көрсету сылтауымен оған тиісе бастаған. Ал полиция шақырмақ болған кезде телефонын тартып алып, өзін пәтерде күштеп ұстап отырған көрінеді.

Ал жедел медициналық жәрдем қызметінің мәліметінше, фельдшердің өзі жала жабылғанына байланысты ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау туралы арыз жазған.

"Әлеуметтік желілерде Алматыдағы шақырту кезінде жедел жәрдем фельдшері пациентке тиісті деген жалған ақпарат таралып жатыр. Осы факті бойынша Алматы қаласының жедел медициналық жәрдем қызметі ішкі қызметтік тексеру жүргізді. Тексеру барысында интернетте жарияланған медицина қызметкерінің рұқсат етілмеген әрекеттері туралы мәліметтер расталған жоқ", – деп хабарлады мекеме өкілдері.

Сондай-ақ фельдшердің қызметтік түсініктемесіне сәйкес, шақырту орнына барғаннан кейін пациентке бекітілген медициналық хаттамаларға сай алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Оған қоса әйелге ауруханаға жату ұсынылған, алайда ол бас тартқан.

"Жүрек ауруының ықтималдығын болдырмау және пациенттің шағымдарын ескере отырып, фельдшер электрокардиография (ЭКГ) жүргізді. Қарап-тексеруден кейін жағдай туралы мәлімет пациент тіркелген емханаға жолданды. Науқастың өзін орынсыз ұстауына байланысты фельдшер 102 нөмірі арқылы полиция қызметкерлерін шақырып, сол жерде тиісті арыз жазуға мәжбүр болды", – деп нақтылады жедел жәрдем қызметі.

Сондай-ақ мекеме өкілдері медицина қызметкерінің жедел жәрдем саласында 6 жылдан астам уақыт еңбек етіп келе жатқанын айтты. Осы уақыт ішінде оның атына пациенттерден ешқандай шағым немесе наразылық түспеген. Фельдшер отбасылы, кішкентай бала тәрбиелеп отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: