Үсік және 36 градус ыстық: синоптиктер 16 мамырдағы ауа райына болжам ұсынды
Фото: pixabay
Мамандардың мәліметінше, антициклон сілемі ел аумағының басым бөлігіне ықпалын сақтайды. Осыған байланысты көп өңірде жауын-шашынсыз, ашық әрі құрғақ ауа райы күтіледі.
Тек батыста, солтүстікте және шығыстың шеткі аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Сонымен қатар республика бойынша жел күшейеді, ал оңтүстік пен батыстың кей жерлерінде шаңды дауыл болуы мүмкін.
Синоптиктердің айтуынша, түнгі уақытта Қарағанды облысының шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында, Абай облысында, сондай-ақ Ақмола облысының шығысында және Жетісу облысының таулы аудандарында ауа температурасы -1-3°С-қа дейін төмендеп, үсік жүреді.
Ал күндіз Атырау облысында аптап ыстық сақталып, ауа температурасы +35-36°С-қа дейін көтеріледі.
Бұдан бөлек, елдің бірқатар өңірінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Төтенше өрт қаупі Қызылорда облысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының оңтүстік-шығысында және Қарағанды облысының оңтүстігінде болжанып отыр.