Қазақстанда кішкентай киіктерге GPS-датчиктер орнатылып жатыр

Қазақстанда кішкентай киіктерге GPS-датчиктер орнатылып жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2026 11:02 Сурет: Instagram/ohotzooprom.kz
Ақтөбе облысында енді ғана дүниеге келген киік төлдеріне GPS-датчик орнатылған арнайы сырғалар тағылып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

"24kz" телеарнасының мәліметінше, мамандар киіктердің көшу жолдарын бақылау үшін сырғаның екі түрін қолданады: кәдімгі сырға аталықтарға тағылады, ал GPS-датчигі бар сырға аналықтарға орнатылады.

"Датчик күн батареясы арқылы жұмыс істейді және жануардың көшу бағытын үш жыл бойы бақылауға мүмкіндік береді", – делінген сюжетте.

Датчиктің салмағы – 32 грамм. Ол киіктің орналасқан жері туралы сигналды тәулігіне төрт рет жібереді.

"Жақында бір киік төлі біз оны тапқан жерден 7 шақырым қашықтықта белсенділік көрсетті. Бұл киік төлдерінің күн сайын күшейіп келе жатқанын, яғни белсенділігі артып, аналықтарының соңынан еріп жүргенін білдіреді", – деді Батыс Қазақстан өңірлік ҮЕҰ қауымдастығы "Табиғи орта" ұйымының директоры Айбат Музбай.

Қазір Зоология институтының қызметкерлері үш ауданның шекаралас аумағында жұмыс жүргізіп жатыр:

  • Мұғалжар;
  • Байғанин;
  • Шалқар аудандары.

Бұл аумақта киіктің Үстірт популяциясы таралған. Төлдеу кезеңінде жануарларды бақылап, қорғауды "Охотзоопром" мамандары қамтамасыз етеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: