Алматының үш ірі шағынауданында бір тәулікке суық су өшіріледі
Фото: pexels
Алматы Су қала тұрғындарына маңызды ақпарат жариялады.
Мекеме мәліметінше, суық сумен жабдықтау желілеріндегі жоспарлы жұмыстарға байланысты 2026 жылғы 20 мамыр, сәрсенбі күні сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін суық су беру уақытша шектеледі.
Шектеу Бостандық ауданындағы мына аумақтарға әсер етеді: Әл-Фараби даңғылы, Жароков көшесі, Левитан көшесі және Үлкен Алматы өзені аралығындағы аумақ, сондай-ақ Қазақфильм, Нұр-Алатау және Бағанашыл-1,2 шағынаудандары.
Мамандардың айтуынша, бұл жоспарлы профилактикалық жұмыстар аталған аудандағы сумен жабдықтау жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қала тұрғындарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарау сұралды.
Қосымша ақпаратты 274-66-66 нөмірі арқылы білуге болады.
Еске салайық, бұған дейін 2026 жылғы 18 мамыр мен 1 маусым аралығында Қонаев қаласында жылу желілерін гидравликалық сынауға байланысты ыстық су өшірілетіні хабарланған еді.