Алматының бір бөлігінде суық су уақытша өшіріледі

Кран с водой, вода, водоснабжение, система водоснабжения, отсутствие воды, отключение воды, раковина, горячая вода, холодная вода, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2026 10:08 Фото: pexels
Алматы қаласында су құбыры желілеріндегі технологиялық жабдықтарды ауыстыру жұмыстарына байланысты 2026 жылғы 21 сәуірде бірқатар аудандарда суық су беру уақытша шектеледі. Бұл туралы "Алматы Су" мекемесі хабарлады.

Мәліметке сәйкес, сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарда суық судың берілуінде уақытша шектеулер болады.

Алмалы ауданы:

  • "12 месяцев", "Райымбек парк", "Life Town", "Seyfullin" тұрғын үй кешендері, сондай-ақ Индустриальная және Алексеева көшелеріндегі үйлер.

Жетісу ауданы:

  • Райымбек даңғылы – Төретай көшесі – Сейфуллин даңғылы – Булкушева көшелері аумағындағы тұрғын үйлер.

Мекеме өкілдерінің айтуынша, жылыту маусымына дайындық аясында жүргізілетін ысырма арматурасын ауыстыру жұмыстары аталған ауданда су жүйесінің тұрақты әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

"Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы тұрғындарына 20 сәуір мен 6 мамыр аралығында қаланың сегіз ауданында жылу желілеріне сынақ жұмыстары жүргізілетіні туралы ескертілген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: