Қазақстанда тарихи-мәдени нысандар цифрлық форматқа көшіріледі

Қазақстанда тарихи-мәдени нысандар цифрлық форматқа көшіріледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2026 11:11 Сурет: akorda.kz
Енді Қазақстандағы киелі орындар мен тарихи-мәдени ескерткіштерді есепке алу және билет жүйесі цифрлық форматта жүргізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Хабар" телеарнасының мәліметінше, Қожа Ахмет Ясауи, Арыстан баб, Қарахан және Айша бибі кесенелері, Отырар қалашығында жаңа технология қазірден жұмыс істеп тұр. Нәтижесінде аталған тарихи нысандарда есеп жүргізу ашықтығы қамтылды. Билет сату мен келушілерді тіркеу цифрлық форматқа көшірілді.

Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Шерхан Талаптың айтуынша, жыл соңына дейін QR-билет жүйесі басқа да мәдени орындар мен музейлерге енгізіледі.

Бұған дейін ҚМДБ төрағасы қазақстандықтарды Құрбан айт пен Ораза айт мерекесін ұлттық нақышта атап өтуге шақырғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: